еңес пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес "Балабақшаға барғысы келмесе" тақырыбында ата -аналарға кеңес берілді.
Кеңес пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес "Балабақшаға бейімдеу" тақырыбында ата -аналарға кеңес берілді
Кеңес беру пункті
Ашылу күні 01.09.2017ж.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі ММ «Кәусар» бөбекжай-бақшасы» ғимаратында ата-аналарға арналған ақысыз кеңес пункті ашылды.
Ата-аналарға арналған кеңес пункті облыс әкімшілігінің 2007 жылғы 18 мамырдағы №162 «Ақтөбе облысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді қолдау іс-шара Жоспарларын бекіту бойынша» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы №83 «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді қолдау іс-шара Жоспарларын бекіту бойынша» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-Ш «Білім туралы» Заңына сәйкес ашылды.
Кеңес пунктінің жұмысы білім беру аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, мектепке дейінгі білім беруде үй жағдайында тәрбиеленіп отырған тәрбиеленушілер ата-анасына педагогикалық, психологиялық, логопедтік көмек беруге бағытталған.
Ата-аналарға арналған кеңес пунктінің мақсаты:
*қоғамдық тәрбиені, отбасылық құндылықтарды және ынтымақтастықты қалыптастыру, тәрбиеге байланысты түрлі сұрақтар бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық, логопедтік көмек беру, мектепке дейінгі кезеңдегі балаларды оқыту мен дамыту.
Ата-аналарға арналған кеңес пунктінің негізгі міндеттері:
1.мектепке дейінгі кезеңдегі балаларды дамыту мен оқыту, тәрбиеге байланысты сұрақтар бойынша ата-аналарға кеңес беру;
2.үй жағдайында тәрбиеленіп отырған мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбиеленушілер отбасыларға, әдістемелік, диагностикалық кеңес беру;
3.мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы «Кәусар» бөбекжай-бақшасы мен балаларды тәрбиелеу мен дамытуға атсалысушы ата-аналар және басқа мекемелер арасында қарым-қатынас орнату;
4.әлеуметтік, психологиялық, физикалық ауытқушылығы бар балалардың дамуына профилактикалық шаралар жүргізу.
Қобда ауданы, Егіндібұлақ ауылы, Астана көшесі №50 мекенжайы бойынша МКҚК «Кәусар» бөбекжай-бақшасында орналасқан
кеңес пунктінде күтеміз
Мамандардың қабылдау уақыты сағат 08.30-17.30 аралығы
Түскі үзіліс сағат 12.30-13.30
Апта күндері |
Қабылдау уақыты |
Дүйсенбі |
08.30-17.30 |
Сейсенбі |
08.30-17.30 |
Сәрсенбі |
08.30-17.30 |
Бейсенбі |
08.30-17.30 |
Жұма |
08.30-17.30 |
Егер кеңес пунктіне келу мүмкіндігі болмаса
Мазалаған сұрақ бойынша 87134174026 телефонына хабарласуыңызға болады
Телефонмен сөйлесу үстінде қоңырау шалғандағы мақсатыңызды айтып, кеңес беру пунктінің мамандарына жазылу мүмкіндігіңіз бар
Ата-аналар қашықтықта отырып, мамандарға сұрағын Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайға жолдауға болады
Ата-аналар «Кеңес пунктінің» жоспарымен танысып, кеңес беру көмектерін бөбекжайдың http://Kausar.skom.kz сайты бойынша ала алады
Назар аударыңыз!
Кеңес пунктінің мамандарынан кеңес алу кезінде өзінің ата-ана екендігін растайтын төлқұжаты болуға тиіс
Кеңес пунктіне келген ата-аналар мен балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
-сауалнамалар, тесттер
-ата-аналармен «Таныс болайық» акциясын жүргізу
-жарнамалық ақпараттар тарату
-«балалар құқығын қорғау» акциясын өткізу
-ата-аналарға арналған ашық есік күні
-отбасымен әңгіме
-«мен бақытты баламын» акциясы
-балабақшаға алғашқы рет
-балаларыңызды қорғаңыз