МКҚК «Кәусар» бөбекжай-бақшасы туралы мағлұмат

Тарихы- «Кәусар» бөбекжай-бақшасы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Егіндібұлақ ауылы, Астана №50 мекен-жайында орналасқан. Ауылдың бұрынғы тұрғыны, сол жылдары Ақтөбе облысының әкімі  Елеусін Наурызбайұлы Сағындықовтың демеушілігімен 2008 жылы іргесі қаланып, 2009 жылы өзінің қатысуымен , 50 орындық сыйымдылықпен қолданысқа берілді.

1

Басшы- Ширманова Лаура Амангельдыевна 18.06.1980 жылы дүниеге келген. Бөбекжайда 2010 жылдан бастап тәрбиешілік қызметте, 2016 жылдың қыркүйек айынан басшылыққа тағайындалды.

2

Ұжым- бөбекжайда барлығы 19 адам жұмыс жасайды. Оқу – тәрбие үрдісін 8 педагог басқарады, солардың ішінде 5-тәрбиеші (1 тәрбиеші декретте), 1 психолог, 1-әдіскер және 1 меңгеруші. Қызметкерлер: 2 тәрбиеші көмекшісі, 1 шаруашылық меңгерушісі, 2 аспазшы, 1 есепші, 1 медбике, 1 еден жуушы, 3 күзетші.

 Топтар- бөбекжайда бүгінгі таңда 2 топ жұмыс жасап жатыр: кіші топ – 11 бала (ерте жас-4, кіші жас-7), ортаңғы топ – 19 бала (ортаңғы топ-5, ересек-8, МАД-6).

 3

Әдістеме-білімі бойынша: жоғары білімді -6 педагог, арнаулы-2 педагог; санаты бойынша: бірінші санатты-3, екінші санатты-1, педагог-модератор-1, педагог-сарапшы-1. Оқу-тәрбие үрдісі ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  мемлкеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша, бөбекжай әдіскерінің көмегімен іске асырылады

5

Байланыс- тел:74026; басшы  моб.тел: 87028118854

7

20220901 105217